Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат төрағасы М. Әшімбаев облысқа іс-сапармен келді

c 15:58, 28/03 c 6

0:00 / 0:00

Жыл сайын Құрылтайдың мәні артып, мазмұны кеңейіп келеді. БҚО сапары барасында Сенат төрағасы осылай деді. Мәулен Әшімбаев Ұлттық құрылтайда Президент ұсынған «Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Қуатты Қазақстан» құру идеясын заңнамалық тұрғыда қолдаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ құрылтайда өзекті мәселелер ашық талқыланып, заңнамалық өзгерістердің бағыттары айқындалғанын айтты.Сенат төрағасы М. Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтап, жиналғандарға жылы лебізін арнады. Кездесу облыстық мәслихаттың залында өтіп, оған зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, аудандық мәслихат төрағалары және барлық деңгейдегі депутаттар қатысты. Спикер өз сөзінде облыстағы экономиканың өсімін жоғары бағалап, өңірге 811 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылғы су тасқынынан кейін 1374 үй жөнделіп, 2334 жаңа үй салынғанын және 900-ден астам пәтер екінші деңгейлі банктер арқылы алынғанын хабарлады. Бұл жұмыстардың барлығы Президенттің тапсырмалары бойынша толықтай орындалғанын ерекше атап өтті. Спикер сондай-ақ ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерге тоқталып, шекаралас ауылдардың экономикасын дамытуға арналған және салық пен банк саласы бойынша Парламентте дайындалатын заң жобаларына үлес қосып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Ассамблеяның 30 жылдығына орай халықтар достығын нығайтуға және ел дамуына үлес қосып жүрген институттардың жұмысын сәттілікпен толықтырды. Одан бөлек, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға да барша азаматтарды белсенді қатысуға шақырды. Бұдан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев сенат қабылдаған заңдардың халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып отырғанын баяндады. Өткен жылы облысқа 1,2 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, ал биылғы жылы да инвестиция көлемін арттыру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл жобалар қатарына: қоқыс өңдеу, күн электростанциясы, жылыжай кешені, метанол өндіру бойынша газ-химиялық кешен, ұнтақ жабындарын өндіру зауыты, химиялық қоспалар өндірісі, көтерме тарату орталығы, тұрмыстық химия өндірісі және басқа да бірқатар маңызды жобалар кіретінін айтты.
Бұдан кейін қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Салыхов өзінің пікірін білдірді. Одан кейін Сенат төрағасы М. Әшімбаев М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне барып, жастармен кездесті. Жиында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ойын бизнесі мен лотерея саласында қабылданған заңнамалық өзгерістер талқыланды. Болашақ мамандарға өздерінің алдағы өмірлерінде қажет болатын кеңестер берілді.
Мәулен Әшімбаевтың сапары одан әрі өндіріс ошақтарында жалғасты. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының қатысуымен өткізілген кездесумен қорытындыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.