Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СЕМЕЙ» ЖАҢА КҮЗЕТ КЕМЕСІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

c 18:08, 21/05 c 2

«Семей» кемесі — 1993 жылдан бері «Зенит» зауыты сериялық түрде шығарып келе жатқан қайықтар мен кемелер қатарындағы кеме. Осы уақыт аралығында кәсіпорын су ығыстыру көлемі шамамен 400 тонна болатын кемелер шығаруды жолға қойып, елімізде әскери кеме жасау саласының дамуына негіз қалады. Дәстүр бойынша жаңа кемені суға түсіру кезінде бортқа АҚҚАЙНАР бөтелкесі сындырылды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» зауыты кеме жасау саласында мол тәжірибеге ие. Холдинг басқармасының төрағасы Талғат Тұрлыбаев зауыт ұжымының алдағы жұмысына сенім білдірді.

Жаңа шекаралық кеменің техникалық сипаттамалары да айтарлықтай: максималды жылдамдығы — 40 тораптан жоғары (70 км/сағ), ауызсу мен азық-түлік қоры кемені 7 тәулік бойы автономды түрде жүзуге мүмкіндік береді. Экономикалық жүріс қашықтығы — шамамен 600 теңіз милі (950 км). Экипаж саны — 15 адам. «Семей» теңіздің 6 балдық толқын жағдайында да қауіпсіз жұмыс істеуге қабілетті және заманауи байланыс пен навигация құралдарымен жабдықталған. Қару-жарағының ішінде 12,7 мм калибрлі қашықтықтан басқарылатын «Адунок» бақылау-оқ ату кешені бар.

Кеменің тапсырыс берушісі – ҚР ҰҚК Шекара қызметі. Ведомство өкілдері «Зенит» зауытымен арадағы тиімді әріптестікті жоғары бағалады.(( Бауыржан Әбсаматов,ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары )) Зауыттың үздік қызметкерлері мекеменің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.