Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сегізсайды зерттеу

c 16:29, 29/05/2019 c 1480

0:00 / 0:00

"Сегізсай" қорғандар кешені  Қазақстанның қасиетті нысандарының тізіміне енді.  Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафулллин мәлімдеді. Осы орайда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11-13-маусым күндері аралығында әр жылдары «Есенамантау» үстіртінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген археолог-ғалымдардың қатысуымен «Көне Сегізсай» тақырыбында далалық археологтар симпозиумын өткізу жоспарланып отыр. "Сегізсай" қорғандар кешені  Қаратөбе ауданының Егіндікөл елді-мекеніне жақын орналасқан.  Алғаш рет  тарихи орында археологиялық зерттеулер 1966 жылы өлкетанушы Багриковтың жетекшілігімен өткізілген еді.  Осы зерттеулер нәтижесінде "Сегізсай" ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан, 8 қорғанды кешендерден тұратын "Сегізсай" археологиялық ескерткіштерінің сыры  ашылды.  Олар қазған үлкен қорғанда сарматтар дәуірінің соңғы кезеңінде өзге мемлекеттерден әкелінген, заттардың көптігімен де ерекшеленген. Осы орайда «Есенамантау» үстіртінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген археолог-ғалымдардың қатысуымен «Көне Сегізсай» тақырыбында далалық археологтар симпозиумын өткізу қолға алынып отыр. Аталған археологтардың симпозиумына Ресей Федерациясының Мәскеу, Волгоград, Челябинск, Орынбор, Самара қалаларынан, еліміздің Ә.Х.Марғұлан атындағы  археология институтының қызметкерлері, Нұрс-Сұлтан қаласы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан әртүрлі жылдары Шыңғырлау ауданында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген археологтар келеді деп күтілуде. Облыс орталығынан  280 шақырым аумақта орналасқан археологиялық кешенде 300 дей қорым бар. Зерттеулер нәтижесінде осы қорымдар туралы жинақталған мәліметтер бір арнаға тоғыстырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.