Сбербанктің Оралдағы бөлімі жаппай экологиялық шара ұйымдастырды. Алдымен шаһар орталығына 100 түп ағаш отырғызылып, кейін банк қызметкерлері қалалық мәдениет және демалыс саябағында жүгіруден жарыс ұйымдастырды.
Мұндай спорттық, әрі, экологиялық акция «Сбербанк» банкінің бастамасымен Орал қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жобаның мақсаты - қала тұрғындарын спортқа тарту және халықтың назарын экологиялық мәселелерге аудару. сберБанк қызметкерлері Саратов трассасының бойына 100ден астам түп ағаш отырғызды.
«Игі істер километрлері» аталған Жасыл Марафонға 200ден астам қатысушы тіркелді. Биыл бұл жарыс Ресейдің, Қазақстанның және Белорусияның 56 қаласында бір уақытта 150 000-нан астам адамдардың қатысуымен өтті. . Спорттық сайыста бақ сынасатындар алдымен жаттығу жасап, жүгіруге әзірленді. Сбербанктің мұрындық болуымен қолға алынған бұл шараны өткізуге Боалашақ-Т мекемесі де үлкен қолдау көрсетіп отыр. 4 шақырым 200 метр қашықтыққа жүгіріп бақтары мен баптарын сынаған қатысушылардың спорттық дайындықтары жоғары. Марафонға банк қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да белсене үлес қосты. «Фиеста» ерлер киімі дүкенінің басшылығы мен қызметкерлері де олардың қатарында. Ал жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды. Банк қызметкерлерінің айтуынша, Оралдағы «Жасыл марафон» игі дәстүрге айналмақ.