0:00 / 0:00
Оралда тұрғындардың саяжайларға қатынау кестесін өзгертті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй хабарлады. Қала маңындағы саяжайлардың тұрақты тұрғындарының қаламен қатынауына кедергі жоқ. Ал бау-бақша егу шараларымен шұғылдануға сенбіде барып, жексенбі күндері қайтуға ғана рұқсат етілді.Бүгінде Орал қаласының маңындағы саяжайларда 15 мыңнан аса түтін бар. Олар саяжайларда тұрақты тұрғанымен барлығы бірдей бағбандықпен шұғылданады деген сөз емес. Талдаулар бойынша саяжайларға 50 мыңға жуық адам жиі қатынайды. Төтенше жағдайға байланысты саяжайлықтар қозғалысына арналған жаңа кесте құрылды. Күшейтілген карантин режиміне байланысты қаланың жедел штабының шешімімен қала тұрғындарына саяжайға сенбі және жексенбі күні баруға рұқсат етілді. Ал саяжайлардың тұрақты тұрғындарына қатынауға ешқандай кедергі жоқ. Айта кету қажет тұратын жерден радиусы 2 км аспайтын қашықтықтағы азық-түлік және аптекаға дейін бару үшін өзінің жеке куәлігі болуы шартОсы орайда Орал қалалық бау-бақшалар қоғамдастығының төрағасының айтуынша, саяжайларға қатынау әсіресе егде жастағы қариялар үшін қиындық тудыруда дейді.Тұрғындардың көпшілігі жеке көліктерімен жүреді. Бірақ соған байланысты әрбір азаматтың жеке куәлігі, қызмет ету саласы жедел штаб тізіміне еніп, бекітілген ұйымдардан жұмысы туралы анықтамасы, сонымен қатар, егер де жұмысы тауар жеткізумен байланысты болған жағдайда қала ішінде үйден жұмысқа және жұмыстан үйге дейінгі қозғалыс маршрутының сызба нұсқасы болуы тиіс. Бұл қозғалыс маршрутының сызбанұсқасы ұйым жетекшісімен бекітілуі қажет.