Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайлардағы қауіпсіздік басты орында

c 18:06, 30/10/2019 c 627

0:00 / 0:00

Күз мезгілінде саяжай маусымының аяқталуына орай, ұрлық әрекеттері көбейетіні анық.Олардан сескенбесе болмайды. Тонаушылар біреудің дайын өніміне қол сұғып қана қоймай, үй-жайлардағы мүліктерді, одан қала берді маңайдағы темір-терсек, түрлі-түсті металлдардың бір қалдырмай үптейтіні бар. Бүгінгі күні Орал қаласында 170-ге жуық саяжай қоғамы орналасқан. Осы саяжайлардың тең жартысында "күзетші" деген ұғым атымен жоқ. Өйткені, саяжайда тұрақтап қалатын отбасылар саны - көп. Қаламыздан шалғай емес "Колос" саяжай қоғамында 50 мыңға жуық тұрғын бар. Осыдан 2 жыл бұрын аталмыш саяжай қоғамы ақылы негізде күзетші жалдап келгенімен, қазір саяжайда қоғамының мүшелігіндегілер күзетшілерге төлем төлеу түгілі, саяжай қоғамының жарнасын төлеуді мұңға айналдырған. Сол себепті жұрт көзінен тасадағы саяжайларда ұрлық көп жасалады мыс. Қаладағы саяжайлардың көбін жаяу түгілі, көлікпен қатынау қиын. Төңіректі салт атты полиция взводы бақылауға алып келсе, учаскелік полициялар тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста. Дегенмен, жыл басталғалы Орал қаласы бойынша 150 ұрлық фактісі тіркелген екен. Орал қаласының ПБ-сы жыл басталғалы саяжай қоғам басшыларымен 2 мәрте жиын өткізіп, саяжайлардағы қауіпсіздік мәселесін қыс мезгілі басталмай жатып мықтап қола алған. Дегенмен, өзгеге үміт артпай "сақтансаң - сақтармын" деген саналы сөзді естен шығармаған жөн.

 

 

Автор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.