Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжай жайлы қоныс па?

c 17:03, 27/02/2020 c 546

Орал қаласының маңайындағы саяжайларда 17 мың адам тұрып жатыр. Олардың көбі ауылдан көшіп келгендер. Саяжай жағалап жүргендердің басты проблемасы баспананың жоқтығы. Амал жоқ арзан жерден жер алып, үй салып күн көріп жатыр. Бала- шағасын мектепке берген. Саяжайларда тұрып жатырған адамдардың айтар уәжі қалаға қатынаудың қиындығы. Әсіресе қаладан алыс орналасқан саяжайларда тұратын адамдар көктем мен күзде жолдың ауыртпалығын бір кісідей тартып келеді.
Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 17 мың адам тұрып жатыр. Өз қалауларымен емес, жағдайлары болмағандықтан олар бағбандар мекенін жылдың 4 мезгілінде қоныс қылып жатқаны аян. Себебі ауылда жұмыс жоқ. Қалаға келіп күн көруді ойлаған дала қазағы тұратын үйі болмағасын саяжай жағалап жүр. Орыстардың тек көктем мен жазда барып демалатын орынын біздің қазакеннің тұрақты қысы-жазы мекеніне айналдырғалы қашан?! Осындай тұрғындардың бірі -Кайыргалиевтер отбасы. Сандуғаш 5 баланың анасы. Бар ойы тезірек баспаналы болу.
Саяжайда тұратындардың негізі проблемасы қаламен қатынаудың қиындығы. Әсіресе көктем мен күзде жердің ми батпағы шығып жүргізбейді. Аялдама алыс. Мұндайда балаларды сабаққа жіберудің өзі оңай емес.
Саяжай бау-бақша егуге арналған орын деген пәлсапа бүгінде ескірді. Қаладан үй алуға жағдайы көтермеген ауыл қазағы саяжайды қысы-жазы тұрақтап қалып жатыр. Әрине амалдың жоқтығынан. Әйтпегенде қаладағы зәулім үйлерде тұрудан кім бастартар дейсіз?Бала-шағасының жылы үйден шығып, жылы төсектен өргенін қаламайтын ата-ана болушы ма еді. Қала маңындағы құс фабрикасы ауданын қазір саяжай қауымдастығы деп атауға келмейді. Адамдар баяғыдан қоныстанып келеді. Мектеп пен балабақша жоқ демесеңіз, саяжайдан қалаға қатынайтын қоғамдық көлік қарастырылған. Ал бірінші, екінші саяжайда тұратындардың қаламен қатынасы қиындау.
БҚО бойынша 20 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр деген статистика бар. Сол кезекте тұрғандардың 17 мыңы саяжай жағалап жүрмегеніне кім кепіл? Жал мен жая тұрғанда, қатқан нанда нем бар демекші, қалада үйлері болса қаракөздер саяжай жағалап жүрер ме еді. Қазақстан жер асты байлығы бойынша әлемнің алдыңғы елдерінің қатарына жатады деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Ал мемлекеттің басты капиталы адамның жағдайы жасалмай, тобықтан саз кешіп, саяжай жағалап жүр.
Айтпақшы, мемлекет бала туу көрсеткішін көбейту керек дегенді де жиі айтып жүр.Демографиялық ахуалды жақсартып, қара домалақтар көбеу үшін де жағдай керек емес пе.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.