Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

c 17:56, 31/05/2022 c 866

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін - ұмытуға болмайтын кезең. Бұл ретте жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас халықтың тағдыры таразы басына тартылғаны белгілі. Солақай саясаттың құрбандарын еске алу үшін Батысқазақстандықтар 40 тан аса саяси қуғын-сүргін құрбаны мен ашаршылықта қаза болып жерленгендер жатқан қалалық бейіт басына жиналды. Саяси құрбандарға арналған ескерткіш басында облыс әкімі бастаған топ пен тарихшылар және «Ақжол» ҚДП облыстық мәслихат депутаттары болды. «Ақжол» ҚДП атынан сөз сөйлеген аудандық мәслихат депутаты Тоқтар Омаров қатал тоталитарлық жүйенің ауыртпалығы мен қазақ жеріне тигізген қиындығына тоқталып, алаштықтардың аңсаған егемендігін сақтау бүгінгі ұрпақтың парызы екеніне айтты.Қуғын-сүргінге ұшырағандарға гүл шоқтарын қою рәсімінде тарихшылар уақыт өткен сайын солақай саясаттың құрбанына айналғандардың саны өзгеріп отырғанын айтты. Өйткені Ресей архивтерінен жыл сайын құжаттар табылып, қуғын-сүргін құрбандары туралы тың деректер анықталып жатқан көрінеді. Шараға қатысқандар елдің жарқын болашағы үшін бастарын қатерге тіккен құрбандарды өскелең ұрпақ әркез есте сақтауы керек

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.