Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сахна сыртындағы даулы "қойылым"

c 17:18, 02/03/2021 c 479

0:00 / 0:00

Жаңа басшыдан жәбір көрдім дегендердің бірі - Ғалия Ибрашева. Ол бұл театрда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келді. Ал енді сол еңбегі ескерілмей, қызметі төмендетілгеніне көндіге алар емес.  Басшыға наразы топтың сөзінше, бір жылдың ішінде 50 шақты адам жұмысынан шығарылған. "Кейбіріне қазір де қысым жасалуда. Осының салдарынан шығармашылығымыз тоқырап қалды",- дейді жиналғандар.Театрдағы жағдайдан облыстық мәдениет басқармасы да хабардар. Бірақ қызметтік тексеру жүргізгенімен ешқандай заңбұзушылық таба алмапты. Бүгінде шығармашылық ұжым екіге жарылған. Бірі басшының кетуін талап етсе, екінші тарап әлдебір арандатушылардың ұжымға іріткі салғанын айтады. Ал театр директоры Салтанат Абулғазиева қарызы қордаланған өнер ордасының берешегін 5 миллионға дейін азайттым дейді. Бұл аздай, мекеменің іс-қағаздары талапқа сай емес. Мысалы, 27 жыл бойы ұжымдық келісім-шарт жасалмаған. Бұл аздай, мемлекеттік аудиторлық тексеріс кезінде 200 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысының қолды болғаны анықталыпты. Бүгінде осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұжым мүшелері театр директорының орнынан кетуін талап етіп, Президент әкімшілігіне де хат жолдады. Ал мекеме басшысы әлеуметтік желіде өзінің ар-намысына нұқсан келтіргендерді сотқа беремін деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.