0:00 / 0:00
Өңірде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтар жұмысы күшейтіліп, олардың құрамы өзгертілген болатын. 1 сәуірден бастап, мониторинг топтарымен 634 рейд жүргізіліп, 3422 нысан тексерілген. 34 орында заң бұзушылықтар белгілі болып, 130 хаттама толтырылып, 8 284 280 теңгеге айыппұл салынған. Қауіпті індеттен 107 адам өмірімен қоштасса, қайтқандардың 58-і - әйел, 49-ы - ер адамдар. 104 науқаста, яғни 98 пайызында созылмалы аурулары болған. 75 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 12 пайызы басқа дерттермен ауырған. Естеріңізге сала кетеміз, 1 мамырдан бастап карантиндік шектеулер күшейтіліп, блокбекеттер қойылады. Кешегі күні облыста 153 адам вирус жұқтырса, 166 адам аурудан айығып үйлеріне жіберілген.