Оралдың «Сити центр» сауда орталығында ХҚКО-ның бөлімшесі жұмысын бастады. Шаһарымызда облыс әкімінің тапсырмасына сай осындай қызмет көрсету орындары 10 жерде ашылған. Бұл короновирус инфекциясының алдын-алу бағытында қолға алынған шаралардың бірі. Өйткені адамдар көп шоғырланатын жерлерде вирус тез таралатынын ескерсек, мұндай ХҚКО-ын сауда орындары мен білім беру мекемелерінде ашу тиімді жұмыс тәсілі екені сөзсіз.Шамамен Оралдағы осындай бөлімшелерден күніне 10-15 адам қызмет алады. Олардың дені электронды қолтаңба, медициналық анықтамалар алу үшін жүгінеді.Айта кеткен жөн, бұдан бұрын осындай бөлімше Жәңір хан атындағы БҚАТУ-да ашылған болатын. Болашақта мұндай қызмет көрсету алаңдарының қатары көбейетін болады