Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сәт сапар, жас түлек!

c 17:05, 09/07 c 50

0:00 / 0:00

Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жас түлектері диплом алуда. Биыл іргелі оқу орнын 1200-ге жуық жас аяқтайды. Салтанатты шара университеттегі агро-технологиялық институттан басталды.

Бұл күнді жас түлектер асыға күтті. Олардың жүздерінен қуаныш пен қимастықты жазбай танисың. Бауыр еті баласы мен туыстарын қолдап келген жандардың қарасы қалың. Диплом табыстау рәсімі университеттің Агротехнологиялық институтынан басталды. Бүгінгі таңда 60 жылдан астам тарихы бар Жәңгір хан университетінде 4000-нан астам студент білім алады. Олардың 1200-ге жуығы биыл жас маман қатарын толықтырмақ.

Өткен жылы университет түлектерінің 87 пайызы бір жылдың ішінде жұмысқа орналасқан. Оқу ордасының түлектері бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие. Жас мамандар армандаған мамандығы бойынша біліп алып, түрлі байқауларға қатысып, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласты. Солардың бірі-президент шәкіртақысының иегері Гүлім Асқарова.

Салтанатты іс-шара алдағы 3 күнде аяқталмақ. Бұдан әрі университеттің «Индустриалды технологиялық», «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру», «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институттарының түлектері диплом алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.