Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сары аймақ

c 10:03, 28/12/2020 c 680

0:00 / 0:00

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялағандай  Қазақстан ковидтің таралуы бойынша сары аймақта тұр. Бұл жайында облыстардың эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары «сары» аймақта орналасқан. Ал бүгінге дейін «сары» аймақта болған Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өтті. Қалған өңірлер  «жасыл» аймақта.   Соңғы тәулікте республика бойынша 736 адамда коронавирус індеті тіркелді. Ал бас қала-Нұрсұлтанда 60 науқас анықталды. Қаланың бас санитары алдағы жаңа жылдық мерекеде көпшілік жерге, мерекелік кештерге бармай, үйде қарсы алуға кеңес берді.

Елордасы сары аймақтан шыға алмай отыр. Соңғы тәулікте қалада ковид жұқтырғандар саны 60 адамды құрады. Оның ішінде шетелден әкелгендер де бар. Өздеріңізге мәлім 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында елде шектеу шаралары күшейтілуде.  Шахардың бас санитары Пралиева ханым, ұжым болып, топырласып табиғат аясына шығуға,   қала кезіп жүруге болмайды. Тек бір отбасы мүшелеріне ғана рұқсат бар дейді. Тұрғындарға бұқаралық, спорттық, басқа да жаппай іс-шаралар, соның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерді өткізуге тыйым салынған. Ас беруге, той тойлауға  тиым салынады. Мұндай шараны үйде де өткізуге болмайды дейді бас санитар. Сондай-ақ, митинг, шеру өткізуге де рұқсат етілмейді. Ал жаңа жылды үйіңізде отырып қарсы алыңыз дейді ол.Шектеу шаралары аясында қалаға блок бекеттер қойылуы мүмкін бе деген сұрақ мазалауда.

Бас санитар осылайша көпшілік жерге бармаңыз, індеттің таралуына жол бермеңіз деп отыр. Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласында кинотеатрлар, спа салондар жұмысы қайта жанданып жатыр.

Сондай-ақ, елордада азық-түлік сататын ірі сауда орындарына 24 сағат бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялағандай  Қазақстан ковидтің таралуы бойынша сары аймақта тұр. Бұл жайында облыстардың эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.