Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САРБАЗ ӨМІРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛМАЙДЫ

c 13:26, 23/01 c 1

0:00 / 0:00

18 жасқа толған ер балаларды әскерге шақыру мерзімінде өз еркімен отан алдындағы борышын өтеуге барып жатқандар көп деп айта алмайсың. Жастар әскерге барудан бас тартуда. Болмаған жағдайда жастарды көшеден, оқу орнынан күштеп алып кетіп жатқан деректердің де куәсі болып жатырмыз. Қазақстандықтар әскерге сенбейді. Өз аяғымен барып, табытпен оралып жатқан қайғылы оқиғалар тіркелуде. Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімді қашан тоқтатады? Сарбаздардың әскерден аман-есен оралуына кепілдік бар ма?

Сарбаздардың мерт болу себептері әрқилы. Әскерде сарбаздар қарумен өзін атып, жараланып, кейде мерт болып жатқан жағдайлар тіркелуде. Қамалетдинов әскерде 40 жыл жүрген менің өзім қателесуім мүмкін. Біз әскери қызметкерлер қаруды үлкен тәуекелмен қолданамыз. Сондықтан қандай да бір оқыс жағдайларды алдын ала алмаймыз. Адам ұмытып кетеді, ойға шомады, талап етілетін алгоритмді орындамауы мүмкін. Сондықтан өкінішке қарай трагедиялық жағдайдар тіркеледі, – деп түсіндірді. Соңғы рет осы жылдың 14 қаңтарында Жетісу облысының Сарыөзек горнизонында сарбаз өлімі орын алған еді. Қорғаныс министрлігі марқұм Дастан Құрманбектің өліміне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Қолбасшылық Дастанның ішкі алаңдаушылығын уақытында байқай алмады, яғни оған моральдық және психологиялық қолдау көрсетіп, әскери қызмет жағдайына бейімделуін анықтай алмады, - деп отыр әскерилер.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, 8 қаңтарда қатардағы жауынгер Дастан Құрманбекпен бөлім командирі жеке әңгімелескен. 12 қаңтарда ата-анасы бөлімге келген Дастанды босатып, күні бойы ол ата-анасымен бірге болған. Әскери ұжым ішіндегі, оның ішінде офицерлер, сержанттар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ешқандай проблемалар болмаған. Бұған дейін мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев соңғы үш жылда елде 270 –тен астам әскери қызметкер қайтыс болған.Ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген. Тағы 20 әскери адам суицидке оқталған деген мәліметін алға тартқанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.