Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сапасыз білім

c 18:11, 18/02/2021 c 582

0:00 / 0:00

Білім министрлігі сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындарына қатысты тескерулерін жалғастыра бермек. Алайда, министрліктің жұмысына кедергі келтіріп, тіпті арнайы комиссияны ғимаратына кіргізбей жатқан университеттер де бар. Министрлік ата-аналардан, студенттерден, оқытушылардан түскен шағымдар аясында тексеріс жүргізуде.

Саны көп, сапасы жоқ жоғарғы оқу орындарын тазалау жүріп жатыр. Білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, тексерістер нәтижесіне жоғары оқу орындарының кейбірінде тиісті жағдай жасалмағаны анықталды. Тіпті  кей оқу орындарында оқытушысыз оқу үрдісі жүргізілген. Ол үшін сырттан оқытушылар шақыртылған. Осылайша, бірнеше жерде оқытушы міндетін атқарып жүргендер бар. Бұл білім сапасына кері әсер ететіні сөзсіз. Сондай-ақ, тиісті біліктілігі жоқ оқытушылар да болған. Ал кейбір университеттердің материалдық-техникалық базасы ақсап тұр.Бүгінде министрлік 25 ЖОО лицензиясын қайтарып алды.

Мирас Дәуленов –ҚР білім және ғылым вице-министрі -«Сабақ та болмаған, оқытушы да келмеген. Бағалау журналын тексергенде, студенттерге баға да қойылмаған. Сөйте тұра, тұрақты түрде диплом табысталып отырды.Ал бізге ертең еш білімі жоқ мамандар керек пе? Түк білім алмай шыққан судья адам тағдырын шешкені, сол медиицина қызметкері  бізді емдегені немесе білімі жоқ архитектордың үй салғаны керек пе  бізге»

Еске сала кетейік, өткен жылы  Астана университетінің студенттері министрлікке шағымданып,  оқу процесінің бұзылғандығы туралы айтқан болатын. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл ЖОО –на қатысты даулы іс әлі аяқталмаған.

Вице-министр Дәуленовтің айтуынша,  30 жастан асқан студенттер бар. Олар  білім үшін емес, диплом алуға келген. Жұмыс істеп жүріп, сапалы білім алу мүмкін емес дейді ол. Елімізде 128 ЖОО бар.  26 оқу орнына тексеріс жүргізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.