0:00 / 0:00
Қала күнінде "Сапалы өнім-2021" атты жергілікті тауар өндірушілер көрмесі өтті. Облыс орталығы мен қала маңына жақын орналасқан кәсіпорындар өнімдерін бұқараға ұсынды. Көрмеден үйге керек-жарағын сатып алған оралдықтардың қарасы қалың.
Жыл сайын ұйымдастырылатын жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі биыл да өз жалғасын тапты.
Көрмеге келген бұқара халық делдалсыз, азық-түлік өнімдерін тікелей кәсіпорын өкілдерінен сатып алды.
Көрмеге барлық өнім түрлерін ала келіп, оралдықтарға дәм тартқызып, өндіріс орындарының әл-ауқатын таныстырған кәсіпорын өкілдері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.