0:00 / 0:00
Елімізде маман даярлап жатқан ЖОО-дағы білім беру бағдарламаларының 73 пайызы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейді. Бұл туралы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлімдеді. Биыл Білім министрлігінің тапсырысы бойынша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісін дайындағанды. Мәлім болғандай, Жоғарғы оқу орындарының басым бөлігі нарық сұранысына сай маман даярлай алмай отыр. Ал бүгін жастармен кездесуде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасынна қатысты пікірінде, ЖОО түлектерінің шамамен 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты. Бұл біздің білімнің сапасын білдіреді деді.
Болашағын болжаған жас жоғарғы оқу орнына түсіп, нарық сұранысына сай маман болуды армандайды. Әрине жастар арасында «әйтеуір диплом алсам болды» деп оқитындар да жоқ емес. Ал құны шарықтаған оқу ақысын ата-анасы соңғы көйлегін сатса да төлеп, оқытады. Млн төлеп оқып жатқан университеттердің берген білімімен ел жастары жұмысқа орналас ала ма? Неге жастар арасында жұмыссыздық көп? Осыған ажуап іздеген Білім министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісін дайындағанды. Жалпы, рейтингте 109 жоғары оқу орнынан 2000 білім беру бағдарламасы қамтылды Нәтижесі көңіл қоншытпайды. ЖОО басым бөлігі маман даярлай алмай отыр.
Бүгін ғана жастармен өткен кездесуде Президент Тоқаев ЖОО түлектерінің шамамен 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты. Бұл елдегі білімнің сапасын деңгейін білдіреді деді ол. Осыған орай Үкіметке жоғары оқу орындарына, оның ішінде дипломдарды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік университеттерге қатысты ең қатал шараларды қабылдауды тапсырды.
Бүгінде елімізде жоғарғы білім беріп жатқан оқу орындарының саны 180 құрайды.