Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саны көп, сапасы жоқ ЖОО жабылады

c 19:39, 17/08/2018 c 972

0:00 / 0:00

Сұранысқа ие болмай отырған мамандықтарға оқытып жатқан жоғарғы оқу орындарының лицензиясы тартып алынады. Бұл жайында Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін өткен еліміздің педагогика қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясынад айтты. Сондай-ақ министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру стандартты өзгеретінін мектептер типтік оқыту жоспарына көшетінін айтты. Ал мұғалімдерді бала оқытудан басқа қоғамдық жұмыстарға тартуға тиым салынбақ. Сондай-ақ, биылдан 3 сынып оқушылары информатика пәнін оқуды бастайды.

Жаңартылған білім стандарттары, типтік оқыту жоспары, мектптердің академиялық дербестігі, цифрландыру аясында балаларды бастауыш 3 сыныптан баулу мәселелері тамыз конференциясында жан-жақты талқыланды.
Тәулік бойы үйін-күйін ұмытып, бала оқытумен қатар,әкімдіктердің қоғамдық жұмыстарын қатар алып жүрген ұлағатты ұстаздардың қолы босайтын болды. Тіпті ҰБТ-да түлектерді қолынан жетектеп жүретін әдеттен де арылатын уақыт келген сияқты. Мұғалім жұмысын барынша жеңілдету шаралары жүзеге асып жатыр. Министр Сағадиевтің бұл жаңалықтарын ұстаздар қол шапалақтап қабыл алды.
Ведомство басшысының айтуынша, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Үстемақының тек қана 18 сағатқа төленетіні мәлім, енді министрлік осы мәселені шешіп жатырғанын айтты. Сондай-ақ, саны көп сапасы жоқ жоғарғы оқу орындарының жұмысын сүзгіден өткізу қолға алынбақ. Министрлік оңды солды рұқсат беруді доғарып, нарық үшін сұранысы жоқ мамандықтарға оқытып жатқан университеттердің жұмысын тоқтатпақшы.

ЕРЛАН САҒАДИЕВ- ҚР БҒМ
-«Түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша рейтинг енгізінде, министрлік мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу деңгейі төмен жоғарғы оқу орындарының лицензиясын тартып алады.Яғни сұранысы жоқ сансыз мамандықтарға оқыта берудің қажеті жоқ. Биыл осындай 17 лицензия қайтарылып алды.Бұл салада жұмыс күшейтіледі. Жақсы, сапалы білім бере алатын жоғарғы оқу орындары жұмысын жалғасытрады, ал дипломдары сұранысқа ие болмай жатқан оқу орындарына сабақ берудің қажеті жоқ».

Бүгінде елімізде 122 жоғарғы оқу орны жұмысын жүргізіп отырған жайы бар.

Әселім Қалкен 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.