0:00 / 0:00
Орал қаласының әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ екі күнде санитарлық талаптарды бұзған 70 тен аса кәсіпкерлік субьектілерін анықтады. Олардың ішінде мейрамхана, түнгі клубтар мен азық түлік дүкені атын жамылған алкомаркеттер бар.Юбейлейная ауданында орналасқан бұл кәсіпкерлік субъектісінің иесі алдымен азық-түлік дүкенінің құжаттарын мониторингтік топ өкілдерінің назарына ұсынып, түсініктеме бермеу мақсатымен сан-сылтау ойлап табуға тырысқанымен, олардың бұл әрекеттерінен еш нәтиже шықпады. Өйткені ақпараттың жалған екенін сала мамандары электоронды база арқылы санаулы секундтарда анықтады.Оралдың қақ ортасындағы ойын сауық орыны. Өздеріңіз көріп тұрғандар топтанған халық. Сейіл құрғандарды айтпағанда, санитарлық нормаларды мейрамхана қызметкерлердің өздері ұмыт қалдырған. Мониторингтік топ өкілдерін көздері шалған әкімгерлер бірден халықты таратуға тырысты. Оған қоса арнайы белгіленген уақыттан асса да, қызмет көрсету жалғасып жатты. Бей- берекетсіздік!Демалыс күндері мониторингтік топ назарына той жасағандар да ілікті. Оған қоса осы уақытқа дейін санитарлық талаптарды сақтамай, ескерту берілген кәсіпкерлердің қайта қателікке бой бергендері қалай?!. Енді олардың бұл әрекеттері сот шешіміне сәйкес жазаланатын болады.Айта кету қажет бүгінгі таңда қоғамдық көліктерде де санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталып отыр. Яғни қарапайым халық жарты жылдан аса уақыт өтсе де маска тағуды әдетке айналдыра алар емес. Түптеп келгенде тұрғындардың жауапсыздығы салдарынан қызмет көрсетуші автобус тұрағы әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. «Айта, айта алтайды, Жамал апа қартайды»,- демекші қауіптің сейілуі мен індеттің жойылуы сіз бен бізге байланысты екенін тағы да қаперіңізге салғымыз келеді.