0:00 / 0:00
Зертханалық сараптама нәтижесінде азық-түлік өнімдерінің 22 сынамасында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді. Оның ішінде 16 сынама - Ресей Федерациясының өндірісі, 5 сынама - отандық өндірушілер және 1 сынама - Беларусь Республикасының өндірісі. Ет және ет өнімдерінде, құс және құс өнімдерінде, сүт және сүт өнімдерінде және шайдан сәйкессіздік анықталған. Яғни импорттық өнімдерден адам денсаулығына қауіпті бактериялар табылып, көзі жойылған.Сонымен қатар, қаланың бас санитары облыста тәж вирусына шалдыққан дерек жоқ екенін айтты. Алайда аспан асты елінен сапардан оралған Оралдықтар дәрігерлік бақылауда бола бермек. Күні бүгінде олардың жағдайы бірқалыпты көрінеді.Жағдай қалыпқа келгенше бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.