Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сәнді тондар көрмесі

c 17:39, 24/11/2021 c 1352

Қаламызда сәнді, әрі сапалы ресейлік “Эталон меха” компаниясы тіккен ішіктердің көрмесі өтіп жатыр. Бағалары қалта қақпайды. Себебі өндірушілер бұл жолы жерлестерімізге жеңілдіктер ұсынып отыр. Қолжетімді бағамен сыртқы киім сатып алғыңыз келсе, "Зенит" залына асығыңыз. Көрмеден көздің жауын алатын ұзынды-қысқалы, түрлі түстегі тондардың сан алуан түрін кездестіруге болады.Мұнда жайғастырылған “Эталон меха” компаниясының тондары Ресей мен қазақстандық тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Алуан түрлі ішіктердің сапасына еш мін таға алмайсың. Жыл сайын Пятигорск қаласында шығарылатын киімдерді таңдайтындардың қатары көбейіп келеді. Бұл жолы көрмеге қойылған қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудалануда. Мәселен, әр тонға 30 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Яғни, тонның бастапқы бағасынан сату құны 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін түсіріледі. Бұдан бөлек, көрмеден сатып алған кез келген тауарыңыздың ақшасын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар. Қызыл, қара, қоңыр, жасыл және көк. Қарай берсең, көз тоймайды. Көрмеде тондардан бөлек, түрлі түсті шолақ жең күртелер мен паркалар да бар. Олардың орташа құны 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.