0:00 / 0:00
Үкіметтің қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы ұсынысы қоғамның қызу талқылауында. Салық өседі дегелі бизнес қауымдастығының да жар құлағы жастыққа тимей, өз наразы пікірлерін жарыса айтуда. Депутаттар да мұның соңы қымбатшылыққа әкеп соғады деп жатыр. Мемлекет басшысы салықты көтеру мәселесін өткен апта соңында кәсіпкерлермен отырып талқылаған еді. Егер қосымша құн салығы көтерілсе, мұның салқыны құрылыс саласына тиіп, үй қымбаттайды дейді кәсіпкер Рахымбаев.
АЙДЫН РАХЫМБАЕВ КӘСІПКЕР «Жылжымайтын мүлікке қосымша құн салығын салу бізді алдаңдатады. Біз баламалы түрін ұсынғымыз келеді. Шетелдердің тәжірибесіне сүйенсек, Флоридада қосымша құн салығын ифрақұрылымдық салыммен айырбастаған. Егер бізде ҚҚС көтеру шешімі қабылданса ол кез - келген пәтердің шаршы метріне әсер етеді. Яғни үй қымбаттайды. Құрылыс саласы енді дамып жатқанда бұл салада қатты қымбатшылық болып, тұралап қаламаймыз ба. Біздің ұсынысымыз сіздерге жетті деп ойлаймыз».
Банк саласында кәсібін дөңгелдетіп отырған бизнес өкілдері қосымша құн салығын бірден көтермей, кезең-кезеңмен өсіру керек дегенді алға тартады.
ҮМІТ ШАЯХМЕТОВА КӘСІПКЕР «Кезең-кезеңімен көтеру керек. Бұл бизнеске бірден салмақ салмай, бойын үйретуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде 16 пайыздан жоғары көтермеу керек. Бұл мөлшерлеме көптеген елдердерде кеңінен қолданылады. Біздікі ҚҚС 20 пайызды құрап, инфляцияның шарықатуын әкелген Ресейден төмен, Өзбек елінен жоғары болады. Оларда 12 пайыз».
Президенттің алдына өз өтініш, шағымдарын айта берген іскер азаматтар, елде кәсіпкерлерге қатысты қысым барын да айтып қалды.
РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАҒАСЫ « Кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс екі есеге азайды. Дегенмен, құқық қорғау органдары тарапынан бизнеске қысым жасау сақталып отыр. Соттар солардың жағына жығылып шешім қабылдайды. Кәсіпкерді қамап тастау санкциясын шығарады. Бұл тек психологиялық қысым емес, бизнесті тоқтату, рейдерлік болып табылады.Нәтижесінде инветсициялық климатқа кері әсер етеді. Өкінішке орай шағын және орта бизнеске қысым жасау ІІМ көп тіркеледі.»
Елдегі бизнес қауымдастығының жанайқайын тыңдай келе мемлекет басшысы, қосымша құн салығы бойынша мөлшерлеме саралануы тиіс. Бір нәрсе түсінікті, үкімет ұсынған мөлшерлеме бәрібір жоғары болды деді. Бектенов үкіметіне түпкілікті шешімді білікті мамандармен тағы бір талқылауды тапсырды.
Егер қосымша құн салығы өссе бизнеске түскен салмақ тұтынушының яғни халықтың қалтасына әсер етеді. Азық-түлік, қызмет түрлері түгел қымбаттайды деген пікірлерін алға тартуда сарапшылар. Өздеріңіз мәлім, үкімет бұл ұсынысын ақпан айының 20-на қарай Парламентке енгізбекші. Сондай-ақ, министрлер кабинеті бір мезетте қосылған құн салығын көтеріп ғана қоймай, оның төлеу шегін азайтуды да ұсынды. Қазір ұл меже - 78 млн теңгені құраса, оны 15 млн теңге дейін түсірмекші.