0:00 / 0:00
Облыс орталығында орналасқан Петр Атоян атындағы стадионда мектеп оқушылары қос мереке қарсаңында сап түзеді. Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері қатысқан болатын.
Қос мереке қарсаңында мектеп оқушылары әскери форма киіп, сап түзеді. Шараның мақсаты: жасөспірімдерді Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Салтанатты шара 1000-ға жуық оқушы қатысты.
Шараға белсенді қатысқан оқушылар аталмыш шерудің маңыздылығына тоқталды. Сап түзеген оқушылар Отан алдындағы борышты өтеу- қасиетті парыз. Ал, әскери өмірге дайындайтын осындай шараларды ұйымдастырудың мәні зор,-дейді.
Мерекеге орай ұйымдастырылған шара барысында шаһарымыздың бүлдіршіндері өнерлерін ортаға салып, ардагерлерге мерекелік көңіл күй сыйлады.