0:00 / 0:00
6- желтоқсан прокурорлар кәсіби мерекесін атап өтеді. Аталмыш мейрам 1991 жылы бекітілген еді. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 130 прокурор еңбектенуде.
28 жылдан бері прокуратура қызметкерлері 6-шы желтоқсанда кәсіби мерекесін атап өтеді. Салтанатты шараға құқық қорғау саласының ардагерлері мен қазір табанды жұмыстанып жатқан мамандар бас қосты. Прокурорларды кәсіби мерекесімен облыс әкімі құттықтады.
Жиын барысында сөз алған облыстың бас прокуроры батысқазақстандық мамандардың атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Биыл прокурорлар, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірге жұмыстанудың арқасында қылмыстың саны 12 пайызға азайыпты. Жалпы мыңдаған адамның құқығы қорғалып, мемлекетке келтірген 2 млрд теңгедей қаражат қазына қайта қайтарылған.
Салтанатты шара барысында сала ардагерлері мен үздік деп танылған прокурорлар бас прокуратура мен облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.