Оралда «Сәлем» атты жаңа базары ашылды. Шолхов және Штыбы көшесінің қиылыстарында орналасқан сауда орталығында жүзге тарта нүкте бар. Жергілікті тұрғындардың бұл жаңалыққа көңілі толды. Шағын іс бастап, әл-ауқатын түзейтіндеріне сенеді.Тоғыз жолдың торабында орналасқан Орал бүгінде сауда логистикалық орталыққа айналған. Қазірдің өзінде қалада әлеуметтік-кәсіпкерлік саладағы әлеуеті артып отыр. Шаһар сәулетіне сын болған орталықтағы базарлар біртіндеп шетке көшіріліп, у-шу азайуда. «Сәлем» базарындағы сауда орындарын жалға алуға болады. Құны да қалтаға қонымды. 20 мың теңгеден басталады. Оған қоса сауда орнының әкімшілігі қосымша жеңілдіктер жасаймыз,- дейді. Мұнда бір мезетте 200 ден аса азаматтың кәсіппен айналысуына мүмкіндік бар. Заманауи талапқа сай салынған бұл нысан талай азаматты жұмыспен қамтып, әлеуметтік мәселесін шешуге септігін тигізбек.