Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саланы оңтайландыру

c 16:43, 28/04/2020 c 838

0:00 / 0:00

БҚО спорт басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлері 10-15 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров мәлімдеді. Өңірдің бас спортшысы аталған салада жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Ақжайық адалдық алаңы кеңсесінде» болып, алда атқарылар жұмыстар жоспарымен бөлісті. Өздеріңізге мәлім, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жақында конкурстық комиссия шешімімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес, Қаймен Есендияров тағайындалды. Басшы қызметіне кіріскен күннен бастап, оған хабарласып таныс-тамырларын спорт мектептеріне директорлық қызметке қою туралы өтініштер жиі түсіпті. Бұл ақпаратты ол фейсбуктегі әлеуметтік парақшасына жариялаған болатын. Осы орайда жемқорлықпен күрес саласының мамандары және Ақжайық адалдық алаңы кеңсесінің өкілдері жиналып бүгін бұқаралық спортты дамытуда алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар жоспарын жасақтады. БҚО-ның тұрғындары бүгінде 82 спорт түрімен шұғылданады. Соның ішінде өңірде 20-дан аса спорттың түрі жақсы дамыған. 12 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, 1 спорт мектеп интернаты, 3 кәсіби клуб бар. Жуық арада салада кадрлық өзгерістер болады деп күтіліп отыр. Бұл шара ел Президентінің мекемелерді біріктіріп оңтайландыру бағытында қолға алынып, нәтижесінде бюджетті үнемдеуге септігін тигізбек. Үнемделген қаржы спортшылар мен бапкерлердің білім-біліктілігін арттыруға жұмсалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.