Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 17:47, 19/10/2020 c 534

0:00 / 0:00

Коронавирстың  екінші толқынының болуы болмауы өзімізге байлынысты. Бұл туралы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» директоры Надия Ахметова мәлімдеді. Яғни сақтық шараларын сақтау арқылы нәтижеге жетуге болады. Яғни практика жүзінде енгізілген карантиндік шаралар нәтижесін берген сияқты  көпшілік шараларды уақытша шектеу ауруды жеңудің ең басты кепілі.Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылуда. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қағылуда. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз, алайда оны өткен айлардағыдай өршітіп алмау өзімізге байланысты. Облыстың бас инфекцинист дәрігері ауруды өршітіп алмау ол дәрігерлерге емес, қарапайым халықтың жауапкершілігіне байланысты дейді. Әзірге «той томалақ», «туған күн», «құдалық» сынды көпшілік шараларды тоқтату қажет. Өйткені бүгінгі күнде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 41 науқастың дені осындай шаралардан ауру жұқтырғаны белгілі болған.
41 науқастың 4 еуі жансақтау бөлімінде. Қажетті ем дом шаралары тиісті деңгейде жасалуда. Ауруханада барлығы 95 кереует бар. Емдеу ісіне қажетті мамандар оқытылып шыққан. Аурудың алдыңғы кезеңінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 52 қызметкері қауіпті вирусты жұқтырып алған болса, бүгінде олардың барлығы айығып емдеу ісіне қайта араласыпты. Күні бүгінгі статистикалық мәліметке сүйнер болсақ, облыста ковид 19 инфекциясын алты адам жұқтырса олардың 5-не ауру белгілері болмаған.Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бұл аурудан бөлек 95 кереует өзге жұқпалы ауруларды емдеу үшін жасақталуда. Онда 49 науқас емделіп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.