Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 17:31, 26/03/2020 c 523

0:00 / 0:00

Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Елордада – 61, Алматыда – 40, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам. Ал Парламент депутаттары қауіпті індеттен қорғану мақсатында егде жасқа келген әріптестерін жұмыстан босатты. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысына 107 депутаттың 81 ғана қатысты. Яғни жасы 65-нен асқан халыққалаулылары үйінде отыр.

Онлайн режимінде өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына 107 депутаттың  81-і  ғана қатысты. Оның өзінде депутаттарды бір-бірінен алшақ отырғызған, бәрі бетперде киіп алған. Сақтықта қорлық жоқ деп, Мәжіліс егде жасқа келген депутаттарды жұмыстан босатыпты.  Бүгін жалпы отырысқа Қуаныш Сұлтанов , Владислав Косарев бастаған жасы 65-н асқан депутаттар келмеді.Осылайша отырыс зейнеткер депутаттарсыз өтті.

Нұрлан Нығматулин –ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Бүгінгі жалпы отырыстың форматы біршама өзгерді. Біздің кейбір әріптесіміз бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ. Бірақ, алаңдамаңыздар, бәрі аман, дені сау. Біз жасы 65-тен асқан кейбір әріптесімізге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес жалпы отырыстарға қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік. Санитарлық нормаларға сәйкес депутаттардың отыратын орны да өзгерді. Құдды бизнес кластағыдай».

Ал елдегі коронавирустің таралуы барысына келсек, жұқпалы індет күн сайын анықталуда. Бүгінгі мәліметте елімізде індет жұқтырғандар саны жүзге жақындады. Жақсы жаңалық та бар. Күні кеше Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде екі адам коронавирустан жазылғанын хабарлағанды. Мәлім болғандай індеттен сауығып кеткен екі адам Алматы мен Нұр-Сұлтанан. Олар бүгін ауруханадан шықты. Денсаулық сақтау министрлігі болса шұғыл тестілеу жұмысын жандандырып жатыр.

Людмила Бюрабекова –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасы; «Эксперс-тестілеу Олимп зерттеу лабораториясында жүргізіледі.Қаннан анықтайды.Ең алдымен тыныс алу жолдарымен ауратын науқастарға, егде жастағы адамдарға тест жасаймыз»

Коронавирустың таралуына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай мен екі ірі қаладағы карантин барысы өкінішке орай кейбір азаматтарды ойландырмай отырған сияқты. Елордада әкімдігінің хабарлауынша,наурыздың 19-25  аралығында карантин аумағын кесіп өту бойынша деректер тіркелді. Қатаң талапқа қарамай қалаға кірмекші болған 56 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 7 қадағалау бекеті жұмыс істеп жатыр. Ел астанасында коронавирус жұқтырғандар саны басқа аймақтарға қарағанда көп тіркеліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.