Облыс аумағында бүгінгі таңда дейін 490-ға жуық өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылы орын алған өрт дерегі 484-ті құраған еді. Өрттің басым көпшілігі ауа-райы салқындап, барша азаматтар жаппай баспаналарына от жағатын кезеңде орын алатыны белгілі. Сала мамандары жылыту маусымы басталмастан қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қыркүйектің он бесі мен қазанның он бесі аралығында арнайы айлық болатынын хабарлайды. Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын есте ұстап, балаларды көзден таса қылмауға кеңес береді.