Жоспар бойынша маусымнан бастап пойыздар "Орал-Нұр-Сұлтан", "Орал- Алматы" қалаларына қатынауды бастайды. Сол себепті көліктік бақылау инспекциясының мамандары тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрап отыр. Яғни, темір жол рельстерін белгілеген жерлерден ғана кесіп өтуге шақырады. Биыл осы темір жол рельстерінде 2 өлім жағдайы тіркелген. Былтыр да екі азамат пойыз жолын кесіп өтемін деп көз жұмыпты. Осындай қайғылы жағдайға тап болмас үшін сақтық шараларын есте сақтау қажет. Мамандар темір жол рельстерінде төтенше жағдай болып, олқылық туындаса инспекцияға хабарласуды сұрайды.