Бүгінде облыстық ішкі істер департаментінде 400ге тарта нәзікжанды қызмет атқарады. Көктемнің алғашқы мерекесінде бас қосқан оларды бүгін әріптестері шын жүректен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Нәзікжанды сақшыларына ішкі істер министрі де жүрекжарды пейілін білдіріп, арнайы құттықтау жіберді. Бар саналы ғұмырын қоғамның бейбіт ғұмыр кешіп, тыныштықты сақтауға арнаған ардагер аналар да, қызметін жаңа бастаған жас мамандар да алғысқа бөленді. Ал салтанатты шара соңы мерекелік концертпен қортындыланды.