Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақалды құрылыстар

c 17:36, 16/10/2019 c 573

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы құрылысы аяқталмаған нысандар енді ниет танытқан кәсіпкерлерге беріліп межелі жұмыстар мәресіне жетпек. Атап өтсек, Пугачева ауданы мен Орал қаласы әкімдігінің маңында бой көтерген көп қабатты үйлерде жұмыстар қайта жалғасатын болады. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мүлкай мәлімдеді. Қаңырап иесіз мекенге айналған нысандардың бірі шаһардың қақ ортасындағы мына 10 қабатты үй. Қаланың тарихи бөлігінде орналасқан. Бұл нысынның құрылысының аяқсыз қалғанына 10 жылға жақындаған. Иа, Шаған өзеніне қарсы мына тұрғын үйде 2010 жылы қоныс тойы тойлануы тиіс еді. Бірақ бүгінде кезбелер мен ит-мысықтың мекеніне кім көрінгеннің әжетханасына айналған бұл нысанды елордалық мердігерлер бастап салған. Айтуларынша, банктен несие алған. Алайда қаржы баспананың толықтай салынуына жетпей құрлыс аяқсыз қалған. Бұдан бөлек қалалық құрылыс бөлімінің басшысы алдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 700-ден аса отбасы қоныс тойын тойлайды деп жоспарланып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Евразия даңғылы бойындағы 4 көпқабатты үйдің екеуінің қасбеті заманауй талаптарға сай әктелді. Аталған жұмыстар алдағы жылы жалғасатын болады. Қазір қаладағы «сақалды құрылыстардың» санын анықтап, алдағы тағдырын айқындау мақсатында өңір басшысының тапсырмасымен ведомствоаралық комиссия құрылуда. Әрбір қараусыз ғимараттың жай-күйі жан-жақты зерделеніп, апатты күйдегілерін бұзу туралы шешім шығарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.