Темір жолдан келетін қауіп көп. 2019 жылдың 5 айында 2 адамның өмірі осы темір жолдың торабында қиылған. Сала мамандары алдағы уақытта қауіптің алдын алу үшін арнайы рейд шаралары ұйымдастырып отыр. Заңға сәйкес, белгіленбеген жерде теміржолды кесіп өткен жандарға арнайы айыппұл салынады. Сала мамандары теміржол тораптарынан өткен кезде қауіпсіздік шараларын естен шығармай, құлаққап алып, рельстің бойымен жүрмеуге кеңес береді.