Темір жолдан келетін қауіп көп. Сала мамандары темір жол тораптарында қауіпсіздік шараларын естен шығаратын жандардың саны артып келеді,- дейді. Мәселен, 2018 жылы мыңдаған азамат белгіленбеген темір жол тораптарын кескендігі үшін айыппұл төлепті. Биылдың өзінде 200-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Абырой болғанда өткен жылы қайғылы оқиға орын алмапты. Алайда, 2017 жылы екі азамат белгіленбеген жерде, яғни отарба жүретін жүріп келе жатқан тұста тораптан өтіп, бақилық болған. Темір жолдағы тәртіп үшін жауапты мамандар азаматтар қауіпсіздік ережелерін естен шығарып, құлаққаппен музыка тыңдап, рельсті кезіп, діттеген жеріне баруды көздейді,-дейді. Алайда, уақыт ұтам деген тұста қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Сол себепті мамандар арнайы белгіленген жерлер арқылы темір жолдан өтпеуге кеңес береді. Бірақ, азаматтар үшін белгінген орынның өте аз екендігін айта кеткен жөн болар. Сондай-ақ, арнайы белгіленген орындар тұрғын үйлерден қашық орналасқандықтан да азаматтардың сұранысына ие емес.