Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақ болыңыз!

c 17:06, 11/02/2020 c 586

0:00 / 0:00

Көктайғақ салдарынан тайып жығылғандар қатары күрт артқан. Облыстық аурухананың жарақат бөліміне күніне шамамен 500- ден адам аса түрлі дене жарақатымен келіп ем алуда. Қолайсыз ауа райының салдарымен коммуналдықтар да күні-түні күресіп жатқанын айтады.Аяғы тайып, қолын зақымдап алған зейнеткер Зәуреш коммуналдық қарызды төлеуге шыққанын айтады. Енді кейуана бірнеше ай бойы дәрігерлер бақылауында болмақ.Жерге жығылып түрлі деңгейде жарақат алғандар қатары көп дейді дәрігерлер. Мәселен, қалалық және облыстық аурухана қатар жұмыс жасағанның өзінде бір тәулікте облыстық ауруханада 500-ге жуық адамға ем-дом жасалады.Ауа райының қолайсыз болатыны туралы ақпарат өткен демалыс күндері смс хабарлама арқылы таралған болатын. Қардың түсу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге аз. Алайда шаһар территориясынан «Жайық таза қала» ЖШС-нің күшімен 99 444 метр куб қар шығарылған. Көктайғақтың салдарымен де күресу жұмыстары жүргізілуде.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың таратқан мәліметіне сүйенер болсақ, ақпан айының 1-і мен 9-ы аралығында жарақат пунктіне 254 адам жүгінген. Пациенттер арасында үсік шалып, күйгендер тіркелмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.