16-қазандағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, карантин талаптары күшейтілген болатын. Сол себепті енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін онлайн бронь жасау қажет. Және орталықтың жұмыс уақыты да өзгерді. Мамандар азаматтарға таңғы сегізден кешкі алтыға дейін қызмет көрсетеді. Және жұқпалы ковид-19 індетінен қорғану үшін "Сақ бол" атты бағдарламада іске қосылды. Аталмыш бағдарламаны телефонға жүктеп алып, анонимді түрде кімнің вирусты жұқтырғанын, қай жер қауіпті екенін білуге болады.