Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУ ӨТТІ

c 12:37, 21/03/2023 c 97

0:00 / 0:00

Осымен сайлау мәресіне жетті. Науқандатқан үтімкерлер де тынышталды. Ал қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге құқылы 12 миллионнан астам сайлаушының 54,19%-і немесе 6,5 млннна астамы бюллетень алды. Ендігі Exit poll қорытындысын шығарып үлгерді. 53,46%-ы "Amanat" партиясы иемденсе, "Ауыл" партиясына сайлаушылардың 10,52%-ы дауыс берген. Ал "Respublica" болса - 8,90% дауыс жинаған. Азаматтардың- 6,25% дауысы Қазақстан Халық партиясына бұйырса, "Байтақ" партиясы 3,22% ғана дауыс жинаған. Ал"Ақ жол" партиясына бұл додада 7,87% дауыс берілген. Сондай-ақ, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,31% сайлаушылардың таңдауына іліккен. Ал сайлаушылардың 4,47%-ы «бәріне қарсымын» деп таңдау жасаған.Бұл әзірге алдын-ала қортынды. Нақты нәтижені Орталық сайлау комиссиясы жариялайтынын еске салығымыз келеді.

Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауалнама жүргізген. Оған 30 мың сайлаушы қатысты. Exit poll қорытындысы көрсеткендей 53,46%-ы "Amanat" партиясына дауыс берген. "Ауылдықтар" 10 пайыздан аса жинаған, саяси аренаға енді ғана қосылып жатқан жастар партиясы "Respublica" - 8,90% дауыс жинаса, қызылдарға 6,25% дауыс бұйырған. Бұл додада 3,22%-ы жинаған "Байтақ" жасылдар партиясына парламенттің есігі жабық сияқты. Себебі, парламентке өту үшін партия кем деген 5 пайыз дауыс жинауы керек. "Ақ жол" 7,87% дауысқа ие болды. Өзін оппозициямыз деп санатын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,31% дауыс жинап, мәжілістің төрінен орын бұйыратын сияқты. Кеше өткен сайлауда заң бұзушылықтарға жол берілді ме? Бұл жайында ресми органдардың нақты мәліметі жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желіден тарап жатқан сайлау учаскелеріндегі өрескел заң бұзушылықтарға куә болып жатырмыз. Бұл мәліметтерді депутаттықа таласқан үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар таратып жатыр. Өңірлерде сайлау учаскелерінде бума-бума бюллетендерді дауыс беру жәшіктеріне салып жатқан бейнетүсірілімдер қаптап жүр.Енді бірінде бюллетендерді белгілі партия үшін дайындап қойған деректер де жоқ емес. «Жастар Үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өкілдерінің айтуынша,халық сайлау барысындағы заң бұзушылықтарды әшкерлеуге белсене қатысуда. Бұл да демократияның бір көрінісі

Осы сайлау додасына бір мандатты депутаттыққа таласқан Дәулет Мұқаев алдын-ала санақ бойынша жеңіске жетіп, мәжіліске өтіп отырмын дейді. Мұқаев санау барысында сайлау учаскесі өкілдерімен әр дауыс үшін күресуге тура келді дейді.

Осымен сайлау мәресіне жетті. Науқандатқан үтімкерлер де тынышталды. Ал қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге құқылы 12 миллионнан астам сайлаушының 54,19%-і немесе 6,5 миллионнан астамы бюллетень алды. Әзірге Exit poll қорытындысына сүйенетін болсақ, Парламент Мәжілісіне алты саяси партия өтіп тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.