Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайлау науқаны

c 09:17, 27/11/2020 c 757

0:00 / 0:00

Ауылдарда саяси бәсекеге жоқ. Ал мемлекеттік емес ұйымдар қаладан шалғай орналасқан аудандарға баруға құлықсыз. Саясаттанушы Айдос Сарым «Парламенттік сайлау: ерекшеліктері мен маңызы» атты сараптамалық кездесуде осылай деді. Алдағы Парламенттік сайлау мәселесін талқылаған саясаттанушылар, елдегі саяси партиялардың науқан кезінде ғана ұйқыдан оянатынын айтып, сынады. Партиялардың да бағыт-бағдарын, ұстанымын өміршеңді қылу үшін бір күндік өмір сүруден бас тартқаны жөн дейді олар.

Парламенттік сайлаудың ерекшеліктері мен маңыздылығын талқылаған саясаттанушылар өзгеріс қажет дейді. Алдағы сайлаудан үміті зор саяси партиялардың көздегені Парламенттегі орын ғана емес, халықтың қамын шешетін бағдарламаларын жүзеге асыру болуы тиіс. Елдегі науқан кезінде саяси күштер сайысы қызып тұр. Жарыса өткізіп жатқан құрылтайлар, атын, бағдарламасын тіпті ұстанымын өзгертіп, жанын салып жатқан саяси партияларға халықтың сенімі бар ма? Осы сұраққа жауап іздеп көрген саясаттанушылар, сайлауда партиядағы тұлағаға емес, оның бағдарламасына дауыс беру керек деп санайды.

Ол үшін саяси партиялар сайлау алдында халыққа уәде еткен ұзын-сонар абғдарламасын жүзеге асырумен жұмыс істеуі тиіс. Себебі, көптеген саяси партиялар айтуын айтып, таудай уәдесін беріп, сайлау өткен соң ол тақырып жабулы қазан күйінде қалып жатады. Бұл жаман әдеттен құтылу үшін, партиялардың халық алдынад есеп беруін міндеттеу керек.

Өкінішке орай, ауыл-аймақ елдегі саяси ахуалдан шет қалып жатады. Олардың тек дауысы ғана қажет. Аймақтарда саяси бәсекелестік жоқ дейді саясаттанушылар.

Сондай-ақ, жиын барысында саясаттанушылар дамыған мемлекеттердің саяси жүйлерін сараптай келе, Қазақстанда жалпыұлттық партияны құру қажеттігі айтылды. Мысалы, АҚШ-да қос партия, Еуропада 3-4 партия жүйесі қалыптасқан.  Ал Қазақстанда алты саяси партия бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.