0:00 / 0:00
Биылғы жылдың үш айында жаңадан туылған шақалақтардың 22-сі түрлі сырқаттың салдарынан ажал тырнағына іліккен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі фактіге артқан. Дәрігерлер қауымы сәбилердің дүниеге келе салып, қайтыс болуының бірнеше себебін айтып берді. Келтірген дерекке сүйенсек, өлім-жітімнің басты себебі жүкті әйел адамдарды уақытылы тексеретін узи диагностикасының жұмысы ақсап тұрған көрінеді.