0:00 / 0:00
2 жасар сәбиін тісін емдетемін деп дәрігерге апарған анасы Анастасия Зеленая енді оның өмірі үшін күресіп жатыр. Анастасия Зеленая Facebook желісінде 26 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы жекеменшік клиникалардың бірінде екі жасар қызының тіс емдету үшін стоматологияға алып барғанын жазады. Ол баланың тісіндегі кариесті жою үшін маманға жүгінген. Алайда, екі аяғымен жүріп барған бүлдіршін, клиникадан ауруханға түсіп, комаға кетеді. Баласына араша түсуді сұрап шырылдаған ананың жан-айқайы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жетті. Министрлік назарға алған соң, сәбиге ерекше көңіл бөлінді. Алайда, көңіл қуантатын хабар жоқ. Бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.
Ойнақтап жүріп, дәрігерге барған бүлдіршіннің өміріне қауіп төтенетінін кім білген. Қызының тісіндегі кариесті жою үшін DoctorBro клиникасына жүгінген Анастасия енді өліммен күресіп жатқан сәбиін арашалап қалуды сұрайды. Оның айтуынша, клиникада қызына тиісті анализ жасалмай дәрі егілді. Клиникада
Севоран дәрісінен басқа балаға ештеңе салмаймыз деген. Тек кейін убистизин және эсмерон егілгені белгілі болып отыр. Енді бала он үш тәуліктен бері комада жатыр.
Анастасия Зеленая – Қыз баланың анасы; «Баланың тісін емдеуге алып кеткен соң, бірнеше уақыттанк ейін жедел жәрдем шақырып жатты. Мен сұрадым,»менің балама емес пе?» деп. «Жоқ» деп жауап қатты. 10 мин соң тағы сұрадым, тағы сол жауап болды. Сосын мен баламды көрсетіңдер деп алаңдадым. Маған дәрігер шығып, балаңызды ауруханаға алып кетті, балаңыз шок алды деді. Біз соңынан бардық. 3 жұқпалы аурулар ауруханасына апарды. Қызым бірден комаға кетті».
Анастасия сәбиін жұқпалы аурулар ауруханасынан ауыстыру үшін үшін біраз жүгіргенін айтады. Себебі, бұл медициналық мекеме әлсіз сәби үшін қауіпті жер. Ал қаладағы ауруханалар қызын қабылдамай қойған.
Анастасия Зеленая – Қыз баланың анасы; «Біз әлеуметтік желіге жазған соң, бәрі қозғала бастады. 6 күні 6 аурухананың бас дәрігеріне бардым. Ол маған еш жер алғысы келмейді деді. Өзін Ана мен бала орталығына бардым. Ол жердегі басшы қызыңызды алмаймыз деп бас тартты.Ал мында ешбір зерттеу жүргізілген жоқ. Ана мен балада бәірбір еш нәтиже шықпайды деген жауап айтты»
Өліммен күресіп жатқан жалғыз баласына араша түсуді сұрап, шырылдаған ананың жан-айқайы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жетті. Министр осыған байланысты желідегі парақшасында, қыздың анасына жағдайды өз бақылауына алғанын хабарлады. Министр бақылауға алған соң, комада жатқан бүлдіршін 2 балалар ауруханасына ауыстырылды.
Сәуле Қисықова – Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «Қазір баланың жағдайы өте нашар. Балаға жасанды өкпе тынысы жасалуда. Медициналық қызмет сапасын анықтау үшін комитет тексеру жүргізіп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, балада дәріге аллергия болған»
Аталған клиниканы тексеру жүріп жатыр.