0:00 / 0:00
Биыл пандемия байланысты 5 пен 11-ші сыныптың оқушылары қашықтан үйден білім алады. Ал бастауыш сыныптың оқушылары кезекші сыныпта сабақ оқиды. Қазіргі таңда облыс пен аудан орталықтарында орналасқан мектептер кезекші сыныпта оқитын балалар үшін білім нысанын дайындап жатыр.
Елдегі жағдайға байланысты биыл мектептер жаңа оқу жылын қашықтан білім берумен бастайды. Тек ата-ананың өтініші негізінде бастауыш сыныптың оқушылары мектепке барып, білім алатын мүмкіндікке ие. Кезекші сыныпта 15 оқушы оқымақ. Жаңа ереже бойынша екі-үш сабақ сайын, сыныпта тазалық дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек.
Биыл облыс аумағында кезекші сыныптарда 30000 оқушы білім алып, 2400 сынып жабдықталмақ.
2020-2021 оқу жылы 12 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Жалпы мектептерде 118 мың оқушы білім алады деп жоспарлануда. Орта және жоғарғы сыныптың оқушылары өткен оқу жылындай бірінші тоқсанды үйден отырып, қашықтан оқыған болатын.