0:00 / 0:00
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнінде өсімдіктерді қорғау қызметінің негізін қалаған, өңірде көп жылдан бері осы салада еңбек еткен Чуриков Николай Степановичке арналған ескерткіш тақта ашылды. Тақтайша Ұлы Отан соғысының ардагері қызмет жасаған мекеменің қас бетіне орнатылды. Николай Степанович 1910 жылы Бөкей Ордасы ауданында дүние келген. Ол жастайынан сұрапыл соғысқа қатысып, түрлі шайқаста ерлік пен батылдық көрсетіп, қан майдан аяқталғанда "Алтын жұлдыз", "Қызыл жұлдыз" бірінші дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен марапатталған. Ардагер Чуриков 1948 -1972 жылдар аралығында "Орал саршұнаққа және шегірткеге қарсы" экспедициясының басшысы қызметін атқарады. Өсімдік қорғау ұйымымен бірге қызмет жасаған әріптестері, марқұмның жұмысы мен атқарған еңбегін еске алып, жүрек жарды пікірлерін ортаға салды.