0:00 / 0:00
Республикалық лектория мүшелерінің облысқа сапары бірнеше бағытты қамтыды. Алдымен астаналық меймандар Теректі, Бәйтерек аудандарының этномәдени бірлестік және жалынды жастар өкілдерімен жүздесті. Әр басқосудың мақсаты – елдегі бірлік пен ынтымақты нығайту, тарихпен байланысты зерттеулер нәтижелерімен бөлісу. Сондай-ақ Президент Жолдауындағы басым бағыттар мен жұртшылықты толғандырған мәселелер де назарға алынбақ.
МЕДХАТ ҚАМБЕТОВ
БҚО ҚДБ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ
«Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен белсенділерінің бір ортада болуы тәжірибе алмасу ғана емес, халықтың әртүрлі топтарын қамтуға мүмкіндік береді» дейді ұйымдастырушылар. Бұл кездесуде Ассамблея жастарын толғандырған мәселелер талқыланды.
ТИМУР ЖҰМЫРБАЕВ
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ
Екі күнге жоспарланған кездесуде Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Өмірбай Бекмағанбетов, ҚР еңбек сіңірген өлкетанушы Ғизат Табулдин, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев және БҚО ҚХА мүшелерінің баяндамалары тыңдалып, қатысушылар пікір алмасты.