Алматы қаласында ұйымдастырылған әкелер форумының қатысушылары елге оралды. Қоғамдағы әкелердің беделін көтеру мен келешек ұрпақтың үлгі тұтар еразаматтарын қалыптастыруды көздеген республикалық форум ағымдағы жылы 2 мәрте ұйымдастырылған. Өңірімізден аталы жиынға делегат ретінде 3 қатысушы таңдалыпты. Солардың бірі Тасқала ауданының тумасы, Мерей ауылыны тұрғыны Әліби Кульмалиев есімді азамат. Ол аудан көлемінде түрлі қоғамдық маңызы бар жұмыстарға араласып, әке рөлінің дамуына үлес қосып келе жатқан жандардың бірі.