Оралдық жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері республикалық акцияға үн қосты. Дәрігерлер осы акция арқылы денсаулық сақтау министрлігінің ескертулеріне құлақ асып, қарапайым азаматтардың гигиена талаптарын сақтау керектігін бұқараға жеткізуді мақсат тұтқан. Қазіргі таңда облыстық жедел-жәрдем көлігі тәулігіне 700-800 шақыртуға барады. Сала мамандары карантинге байланысты шекара бекеттеріне жедел-жәрдемді көп шақыратындығын айтады.