0:00 / 0:00
Бүгін ресейлік нөмірі бар көлік иелері Абай алаңына наразылыққа шықты. Жүргізушілер көлікті Қазақстанда есепке қоюға мүмкіндік беруді сұрап отыр. Тіпті олар мұндай қызмет құнын да есептеп қойған. Ресейлік есепте тұрған көлік иелері Орал қалалық әкімдік алдына жиналды. Наразы топқа жағдайды түсіндіру үшін шыққан облыстық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары оқиға орнынан табылды. Олар тұрғындарға мұндай жиындардың заңға қайшы екенін түсіндіріп баққанымен ашуға булыққан көлік иелері қазіргі жағдайдан шығудың тәсілдерін жіпке тізіп, қалауларын ашық айтты. БҚО полициясы Ресейден есептен шығарылып, Қазақстанда тіркелмеген көліктерді анықтау басталғанын жоққа шығармады. Ал ел аумағында еркін жүріп тұру үшін қандай құжаттар қажет екенін де айтып берді.
Көлікті Қазақстанда тіркеу үшін енді иелері көліктің өзіндік құнына жуық алым мен салық төлеуі керек. Мұнымен келіспеген көлік жүргізушілері петиция жазып отыр. Айта кетсек, көлік жүргізушілер үшін техника ақша табу құралы, тіпті көпшілік үшін бірден-бір табыс көзі болып отыр. Олар жоғары санаттағы көлікті сатып алуға өздерінің мүмкіндігі жоқ екенін айтады.