0:00 / 0:00
Демалыс күндері Орал қаласында рейдтік шаралар ұйымдастырылып, бірнеше шет мемлекет нөмірін иеленген көлік ақылы автотұраққа жөнелтіліпті. Бұл жүйеге оралдықтар наразылық білдіруде. Ресейлік нөмірілі көлікті тізгіндегендер жиналып, ішкі істер минстрлігіне хат дайындап қойған. Шаммамен 500-ге жуық көлік иесі қол қойған хатта ресейлік нөмірдегі көліктерді автотұраққа қойылмау сұралған. Себебі ел аумағында заңдастыру шаралары үшін біраз уақыт керек. Ал ақылы тұрақтағы көлікті кері шығару онсыз да күнін әупірімдеп жүріп көріп жүрген халық үшін оңай соқпасы анық.
ПД өкілдері Ресей нөмірін таққан көліктердің жаппай айып тұрағына әкетілмейтінін айтты.
Қазақстанда шетел нөмірімен жүрген көліктерге байланысты мәселе бұрын да көтерілген. Армениядан көлік әкеліп, Қазақстанға тіркемей жүргендерге 2019 жылы жаппай тексеру басталғанда жүргізушілер осыған ұқсас талап айтып, елдің әр өңірінде наразылыққа шыққан еді. Содан кейін билік оларға "рақымшылық" жасап, Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелген көліктерді 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап уақытша тіркеуге қойып, арнайы сары нөмір берген болатын..