Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙГЕ АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ УАҚЫТША ТОҚТАП ТҰР

c 09:55, 04/10 c 41

0:00 / 0:00

Россельхознадзор қазақстандық астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс тұқымдарын Ресейге экспорттауды тоқтатуды өтінген. Олар мұны қазақстандық өнімдерде зиянкестер мен ауру тудыратын бактериялар жиі табыла бастауымен байланыстырады. Сенат дәлізінде сұқбат берген вице-министр Ермек Кенжеханұлы бұл ақпаратты растады. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қыркүйек айының ортасында Ресейдің ауылшаруашылық қадағалау тарапынан тиісті өтініш келіп түскен.

ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ВИЦЕ-МИНИСТР «Иә, қыркүйек айының ортасында Ресейдің ауылшаруашылық қадағалау тарапынан тиісті өтініш келіп түскен. Олардың айтуынша, қазақстандық өнімдерден зиянкестер жиі анықталатын болған»

Өз кезегінде қазақстандық тарап «Роспотребнадзорға» сауал жолдап, онда анықталған бұзушылықтарды растайтын фактілерді сұратқан.

ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Біз Роспотребназдорға сауал жолдап, анықталған заңбұзушылықтарды растайтын фактілерді сұраттық. Біз бұзушылықтар болда ма, болмады ма соған көз жеткізуіміз керек. Анықталған зертханалық зерттеулер мен жұмыс нәтижелері туралы тиісті актілерді сұраттық. Әзірге Роспотребнадзордан бізге жауап келген жоқ. Біз тиісті негіздеме, дәлелдерді алғаннан кейін сіздерге қосымша ақпарат береміз»

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандақ зертханалар халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді және экспорт кезінде өнімнің барлығы мұқият тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамызында Қазақстанда бидайды барлық көлік түрлерімен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әкелуге тыйым салынған болатын. Бұл ретте ел арқылы транзитке рұқсат етілген. Биылғы жылы бидай импорты 1,3 млн. тоннаны құрады, бұл іс жүзінде 2023 жылғы жылдық импорт көлеміне тең, ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті. Сонымен қатар, Қазақстанда алма әкелуге тыйым салынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.