0:00 / 0:00
Атом электр станциясын салу мәселесіне нүкте қоятын күн де алыс емес. Бір айдан соң қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Яғни елге АЭС салу қажет пе, қажет емес пе? Оның шешімі жалпыұлттық референдум нәтижесінде белгілі болмақ. Президент Тоқаев әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деді. Әлемнің 30 мемлекетінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысы бұл қадамға біздің елде келуі тисі деп есептейді. АЭС салуға қатысты референдум тақырыбы бір жыл талқыланды. 20 тыңдалым өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев атом реакторын салуға қатысты үкіметтің ұсысын қолдайтынын айтты.
АЭС салуға қатысты өтетін референдумға неше сұрақ және қандай сұрақтар шығарылады? Сарапашылар мен депутаттардың пікірін білгенімізде. Бірі ол жерде АЭС салуға қарсымын, қарсы емеспін деген сұрақ ғана болуы керек десе. Енді бірі атом реакторын кім салады деген сұрақ та болғаны жөн деп отыр.
Өздеріңізге мәлім, ендігі біздің елде АЭС салып беруге ниетті болып отырған 4 елдің компаниясы өз тәжірибесін ұсынып жатыр. Олар-Корея,Қытай, Франция және Ресей елдерінің компаниялары.