Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды

c 16:51, 26/04/2022 c 458

0:00 / 0:00

БҚО да құрылысы аяқталмаған алыс аудандардың жолдарының жұмысы уақытылы аяқталмауына шенеуніктер кінәлі болып отыр. Бүгінгі таңда осы саладағы бірнеше мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. «Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Өткен апатада өңірге іс сапармен келген ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұл мәселенің күн тәртібінен түспейтінін мәлімдеген болатын. Кеңесті ашқан Премьер-Министр бірінші кезекте облыстың шешілмеген басты мәселелерінің бірі жол құрылысына тоқталды. Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі Батыс Қазақстан облысының жолдарының жағдайына арналған «Күре жолдағы күрсініс» мақаласын оқып, өзіне және облыс басшылығына барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырғанын жеткізді. Әлихан Смайылов бұл мәселенің көп ұзамай бір жақты болатынын атап өткен еді.Президент сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды. Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. «Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды»,-делінген хабарламада. Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді. Осыған орай Премьер-Министр облыстың алыс аудандарына апарар жол келесі жылдың соңына дейін аяқталатынын айтқан еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.